Түркістанға ерекше мәртебе берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Түркістанға ерекше мәртебе берілді

Түркістанға ерекше мәртебе берілді

Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды. Құжатта еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретінде Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау, қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау сияқты бірқатар мәселе қарастырылған. Бұл жаңалықты түркістандықтар ыстық ықыласпен қарсы алды.

Айнұр Әбілқасымқызы

Автор
Редакция
Бөлісу