Қазақстанға 15 млн шетелдік турист келген
Былтыр елімізге 15 млн-нан астам шетелдік турист келді. Олар орта есеппен 4 күн қонақ болып, әрқайсысы мың жарым АҚШ долларын жұмсаған. Осылайша шетелдіктер Қазақстанға 1,2 трлн теңге қалдырды. Салаға салынған инвестиция көлемі де артып келеді. Соңғы 5 жылда 550 млрд теңгеге 600-ден астам жоба іске асырылған. Алдағы 2 жылда тағы 181 жаңа туристік нысан салынады. Бұл жобаларға 1,1 трлн теңге тартылған. Осылайша туризм бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте бір жылда 66 орыннан 52 орынға көтерілді. The New York Times Алматы қаласын үздік 52 туристік аймаққа енгізсе, Lonely Planet журналының нұсқасы бойынша еліміз «саяхаттауға тиіс үздік елдердің» тізіміне кірді.
Айя Мүтәлі
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner