Ақтау қаласында жер асты қоқыс жәшіктері орнатыла бастады
Ақтау қаласына жер асты қоқыс жәшіктері орнатылып жатыр. Оның әрқайсысы 4,6 миллион теңге тұрады.
Ол үшін бюджеттен 900 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылып отыр. Оған үш данадан тұратын 192 еуроконтейнер сатып алынуы тиіс. Сыйымдылығы 1100 литрлік қоқыс жәшіктері тот баспайтын болаттан, ал жоғарғы көтергіш платформасы төзімді алюминийден жасалған. Осындай заманауи жәшіктерге мемлекеттік сатып алу сайтында байқау жарияланды. Әкімдік бұған дейін қалаға 10 жерасты қоқыс жәшігін орнатып, олардың тиімді екеніне көз жеткізген.
Бақтияр Мақсатов, Ақтау қалалық ТҮКШ бөлім басшысының орынбасары:
Бұл қоқыс жәшіктері көрікті бұзбауға және қоқыстың сыртқа шашылып, желмен ұшпауына септігін тигізеді. Бұл 192 дегеніміз 192 жерге орнатылады, бұл системаның өзінде ішінде 3 контейнер болады. Сонда барлығы 576 контейнер болады. Басты назарда орталық көшелер сосын жаңа шағын аудандарда болады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner