Олигархтардан тәркіленген миллионның бұйымдары аукционда өтпей қалды
14,7 млн теңге, яғни бір бөлмелі пәтер құнымен бірдей бағаланған жүзік. Қайтарылған актив бойынша олигархтардан тәркіленген зергерлік бұйымдар сатылымға шығарылды. Жүз миллиондаған ақша тұратын әшекейлерді қалай сатып алуға болады? Электронды саудаға кімдер қатыса алады? Самал Қабышева айтып береді.
Самал Қабышева, тілші:
Бағаны көтеру форматы бойынша аукционға 63 зергерлік бұйым қойылған. Олардың ішіндегі ең қымбаты 15 млн теңгеге жуық қыруар қаржыға бағаланған жүзік міне осы. Әйгілі бренд YEPREM жүзігі. Сатылымға қойылған құны 14 млн 700 мың теңге. 750-сынамадағы ақ алтыннан жасалған сақина. 85 гауһар таспен көмкерілген. Бұл жүзіктің құнына Астанадан бір бөлмелі пәтер алуға болады. Қайтарылған актив бойынша олигархтардан тәркіленген зергерлік бұйымдар ішінде 7,5 млн теңгенің алқасы да бар. 750-сынамадағы ақ алтыннан жасалған әшекей әйгілі FRANK Muller брендінен. Ал оның сақинасы 4,3 млн теңгеге бағаланған. 750-сынамадағы жүзіктің салмағы 9,78 грамм. 58 гауһар таспен көмкерілген. Ал Yana брендінің осы әшекейінің құны 3,3 млн теңге. Бірақ, қайтарылған активтерді басқару компаниясы шығарған зергерлік бұйымдардың ешқайсысы сатылған жоқ. Сауда-саттық жасалған жоқ. Себебі бірде-бір адам қызығушылық танытпаған. Бүгін электрондық сауда алаңына көздің жауын алатын 15 әшекей сатылымға шығарылған болатын. Олардың ең арзанының құны 380 мың теңгеден басталады. Жалпы, бұл акционға қалай қатысуға болады? Активтер ашық және бәсекеге қабілетті шарттар бойынша өтеді. Сауда-саттыққа қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнасын төлеп, қызықтырған лотқа өтінім беру қажет.
Самал Қабышева
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner