Президент Ұлытау облысының әкімін қабылдады
Өткен жылы Ұлытау облысының экономикалық көрсеткіші 8,2 пайызға өскен. Негізгі драйверлер: өнеркәсіп, құрылыс пен сауда саласы. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған облыс әкімі айтты. Дастан Рыспеков инвестиция тарту бойынша да оң динамика барын жеткізді. Мәселен былтыр 226 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның 89 пайызы – жеке инвестиция. Биыл құны 138 миллиард теңгені құрайтын 17 жобаны іске асыру жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялармен жұмысты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.
Дастан Рыспеков, Ұлытау облысының әкімі:
Мемлекет басшысы өңір экономикасын әртараптандыруды, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды көлік-логистикалық әлеуеттті арттыруды және инфрақұрылымды дамытуға арналғаг тапсырма берілді.
Асылбек Данияр
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner