Серік Жұманғарин: Қосылған құн салығы келесі жылы күшіне енеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Серік Жұманғарин: Қосылған құн салығы келесі жылы күшіне енеді

Серік Жұманғарин: Қосылған құн салығы келесі жылы күшіне енеді

Қосылған құн салығына қатысты өзгерістер енген жаңа салық кодексі келелді жылы күшіне енеді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысына қатыстан Премьер-министрдің орынбасар – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. Оның сөзінше, құжат шілде айына дейін Парламенттте талқыланып, мақұлданса Президент қарауына жіберіледі.

Айта кету керек, бұған дейін Үкімет қосылған құн салығын 16% көтеруді ұсынған еді. Ал денсаулық сақтау, IT, туризм, креативті индустрия және азық-түлік өндірісі үшін 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлеме жасалады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретіндерде, салықтың аталған түрінен толықтай босатылмақ.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:

Барлығы дұрыс болса шілде айына дейін Парламенттен шығып, Мемлекет басшысының қолы қойылады. Содан кейін 1 қаңтарда күшіне енеді. Ал, салық салу кезеңі келесі жылдың наурыз айнан басталады.

Нұрсұлтан Тілектес 

Автор
Редакция
Бөлісу