Талдықорғанда жастар құстарға қамқорлық көрсетті
Талдықорған жастары «Таза Қазақстан» акциясы аясында қанаттыларға ұя жасап орната бастады. Еріктілер ұяларды жасыл аймақтарда, саябақтарға орналастырды. Сондай ақ жастарға шеберлік сабағы өткізіліп, экожүйені қорғауда құстардың пайдасы туралы айтылды.
Жалпы облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан 700-ден астам еріктінің қатысуымен 200-ге жуық акция өтті.
Шырай Саматқызы, «Мейірімді Жетісу» фронт-кеңсесінің жетекшісі:
Біз жастар «Ыстық ұя» акциясы экожүйені сақтау мәселесі бойынша халықтың хабардарлығын арттырып қана қоймай, азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыруға көмектеседі деп үміттенеміз. Мұндай шаралар табиғатқа саналы көзқарас қалыптастырып, баршаға экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді деп сенеміз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner