Былтырғы су тасқынына қатысты 9 қылмыстық іс қозғалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Былтырғы су тасқынына қатысты 9 қылмыстық іс қозғалған

Былтырғы су тасқынына қатысты 9 қылмыстық іс қозғалған

Былтыр еліміздің 10-нан астам өңірін әбігерге салған су тасқынына қатысты 9 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Құқық қорғау органдары ірі апат бойынша 22 істі қолға алған. Оның алтауы бүгінде сотқа жолданды. Үш іс бойынша тергеу әлі жүріп жатыр. Сондай-ақ қылмыс құрамының болмауына байланысты 13 іс жабылған.

Айта өтейік, былтыр еліміздің бірқатар өңірі көктемде тасқыннан зардап шекті. Мыңдаған адам баспанасыз қалды. Биыл да төтенше жағдай мамандары 1 мың 223 елдімекенге судан қауіп бар деп отыр.

Айя Мүтәлі

Автор
Редакция
Бөлісу