Топ-10 компания былтыр 5,9 млрд теңге аударған
Қазынаны байытқан компаниялар тізімі жарияланды. Energy Monitor қоғамдық қорының ақпарынша, былтыр еліміздегі ең ірі 10 салық төлеуші компания қазынаға 5,9 трлн теңге аударған. Яғни жалпы салық түсімінің 25,3%-ын қамтамасыз еткен. Әдеттегідей мұнай-газ және банк секторындағы компаниялар көш бастап тұр.
ТОП-10 ірі салық төлеуші:
«Теңізшевройл» ЖШС– 3 056 млрд теңге
Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (КПО) – 1 146 млрд теңге
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 304 млрд теңге
«Қазақстан Халық банкі» АҚ– 250 млрд теңге
«Азиялық газ құбыры» ЖШС– 225 млрд теңге
KAZ Minerals Aktogay ЖШС – 215 млрд теңге
NCOC – 211 млрд теңге
«Өзенмұнайгаз» АҚ – 180 млрд теңге
Шымкент мұнай өңдеу зауыты – 179 млрд теңге
«Ембімұнайгаз» – 167 млрд теңге.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
