Павлодарда науқастан 19 литр сұйықтық жиналған алып киста алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Павлодарда науқастан 19 литр сұйықтық жиналған алып киста алынды

Павлодарда науқастан 19 литр сұйықтық жиналған алып киста алынды

Павлодарда дәрігерлер науқастан 19 литр сұйықтық жиналған кистаны алып тастады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, операция Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында жасалды. 55 жастағы пациент іш қуысы мен жамбастағы көлемді ісікке байланысты жоспарлы операция жасау үшін ауруханаға жіберілген. Ота 2,5 сағатқа созылды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Денсаулығына шағым жоқ, ауруханадан жақын арада шығарылады.

Динара Жарқынбек


Автор
Редакция
Бөлісу