Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі

Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі

Кеше Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, актриса, композитор Дариға Тілендиева 79 жасқа қараған шағында көз жұмған еді.

Дариға Тілендиева Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, талантты актриса, күйші, сазгер, «Халық қаһарманы» Нұрғиса Тілендиевтің жары. Ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі.

Сондай-ақ, «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Алты жасар Алпамыс», «Құлагер», «Ақ машина», «Жамбылдың жастық шағы» және «Қоштасқым келмейді» сынды көркем фильмдерде түрлі рөлдерді сомдап, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды.

Қуан Нұрақын


Автор
Редакция
Бөлісу