Петропавлда науқастың өтінен көлемі тауық жұмыртқасындай тас шықты
Петропавл дәрігерлері науқастың өтінен көлемі тауықтың жұмыртқасындай тас алып шықты.
Ота қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасында жасалды. 58 жастағы әйел қуырылған тамақ жегеннен кейін іші ауырып, дәрігер көмегіне жүгінген. Бір тәулік бойы жағдайы дұрысталмаған соң ақ халаттылар ота жасауды ұйғарыпты.
Операция 1,5 сағат бойы жалғасқан. Нәтижесінде хирургтар науқастың өтінен 3 кесек тас алып шықты. Мамандардың айтуынша қазір науқастың жағдайы қалыпты.
Эльмира Кәленова
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner