Америкалық делегация келіссөздер үшін Мәскеуге барды
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барды. Бұған дейін Киев Сауд Арабиясында өткен келіссөздер нәтижесінде атысты 30 күнге доғаруға келіскен еді.
Кремль хабарлағандай, бітім жобасын Мәскеу қазір зерттеп жатыр. Дегенмен «Рейтер», «Блумберг» және «Ассошиэйтед пресс» агенттіктерінің мәліметінше, президент Владимир Путин Құрама Штаттар Украинаны қаруландыруды тоқтатып, бұл мемлекетте президент сайлауын өткізуге келіскенде ғана ымыраны қабылдауы ықтимал. Сонымен қатар, Путин Батыстан Украинаны НАТО-ға қабылдамауды және Украина жеріне шетел әскерін шоғырландырмауды да талап етуі мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner