Талдықорғанда 336 баланың тұсауы кесіліп, Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Талдықорғанда 336 баланың тұсауы кесіліп, Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді

Талдықорғанда 336 баланың тұсауы кесіліп, Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді

Наурызнама онкүндігі аясында Жетісу облысында бір мезетте 336 баланың тұсауы кесілді. 50-ден астам бүлдіршін Талдықорған қаласында тәй-тәй басса, қалғанадырының тұсаукесер рәсімі аудан, қалаларда өтіп, бейнеконференция арқылы байланысқа шықты. Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері бұл көрсеткішті ресми тіркеп, қазақтың салт-дәстүр әдет ғұрыптарының ішінде тұсау кесу рәсімінде еліміз бойынша Жетісу облысы жаңа рекорд орнатқанын растады. Ал ата-аналар өз бүлдіршіндерінің тұсауын өңір басшыларына, зиялы қауым өкілдеріне, атақты спортшы, өнерпаздарға, ұстаздар мен дәрігерлерге кестірді.

Армангүл Төлеген, қала тұрғыны:

Қостанай қаласының тумасымыз. Бірінші рет осындай салтанатты түрде 300 баланың тұсауын кестіргенін көріп тұрмыз. Өте-өте қуаныштымыз, әсеріміз өте жақсы. Тез әрі жылдам болды барлығы. Тілегіміз ең бастысы жолы ақ болсын деген тілек.

Қуаныш Қанатұлы 


Бөлісу