Солтүстік Қазақстанда су деңгейі көтеріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Солтүстік Қазақстанда су деңгейі көтеріле бастады

Солтүстік Қазақстанда су деңгейі көтеріле бастады

Солтүстік Қазақстанда Сергеев қоймасындағы су деңгейі көтеріле бастады. «Қазгидромет» мамандары күн сайын мониторинг жүргізеді. Гидронысандағы су деңгейі арнасынан 2 сантиметрге асып жатыр. Былтыр көктемгі тасқын кезінде бұл көрсеткіш 4 жарым метрге жақындап, рекорд орнаған еді. Гидронысан арқылы 9 млрд текше метр су өтті. Ал биыл қыс бойы су арнасынан түспей, тасыды. Бұл да - тарихта бұрын-соңды болмаған жағдай.

Дәурен Қосшығұлов, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:

Қазір өңірдегі гидрологиялық жағдай тұрақты. Сергеев су қоймасының деңгейі өткен тәулікте 1 сантиметрге көтерілді. Күн күрт жылынғандықтан, қар бірден 10 сантимерге дейін еріді. Сондықтан өзен-көлдер деңгейі көтеріліп жатыр.

Эльмира Кәленова

Автор
Редакция
Бөлісу