Атырауда су тасқынына қарсы жедел штаб отырысы өтті
Атырауда тасқынға қарсы дайындық мәселесі бойынша жедел штаб отырысы өтті. Жайық өзені былтырғыдай тасымауы мүмкін. Ал Қызылқоға және Жылыой ауданында тасқынның жоғары қауіптілігі сақталып отыр. Өңірдегі әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт рет-ретімен тікелей байланыста баяндауға әзір. Нұрсұлтан, дайындық жұмыстары қалай жүріп жатыр? Қанша елді-мекенге қауіп бар?
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Қаракөз, қазір облыс бойынша тасқын қаупі бар елдімекендердің тізбесі қайта қаралып, нақтыланды. Бақылауға алынған 51 елдімекеннің 14-де тасқын қаупі азайды, алайда қалған 37-де қауіп әлі бар. Еске салсақ, өткен жылы құрылған жедел штабта тәулік сайын жиналыс өтіп, нөпір судың бағыты, мөлшері есептеліп, тасқынға қарсы шаралар қабылданған еді. Жауаптылар биыл да осы бағытта жұмыс істейді. Қазгидрометтегі мамандардың алдын-ала болжамына сәйкес Жайық өзені 430-490 см-ге дейін көтеріледі. Бұл өткен жылғы деңгейден 1 метрге аз. Үлкен қауіп Жылыой және Қызылқоға аудандарында сақталып отыр. Ойыл, Ноғайты, Жем өзендеріне мол су келуі мүмкін. Өткен жылы судан қатты зардап шеккен Жылыой ауданында тасқынға қарсы дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Жем мен Құрсай арналары кеңейтіліп, бөгет нығайту 87 пайызға бітті. Қызылқоғада да жағалар бекітіліп жатыр. Су деңгейін бақылау мақсатында тағы қосымша 4 гидробекет салынып жатыр. Облыс әкімі бұл жұмыстарды жеделдету үшін басқарма басшыларына қатаң тапсырма берді.
Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:
Үлкен қауіп бар деп ойламаймыз, Жайық бойынша. Бірақ біз мұқият болуымыз керек, әріптестер. Ертеңгі жұмыстарыңыз уақытылы бітпейтін, анау ұтып алып еді, мынау істемеп еді деген мәселелерді мен сіздерден естімейтін болайын. Төтенше жағдаймен жұмыс істеп отырмыз ба, сұрауы да сондай болады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Әкімдіктегілер жуырда көрші Ресейдегі Орынбор облысында болып, тасқынға қарсы шаралармен танысып келген. Қазір сондағы мамандармен хабар алысып, жағдайды жіті бақылап отыр.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner