Құрылтай: Жамбылда той өткізу мәдениеті жаңаша қалыптасып келеді
Бурабайда өткен IV Құрылтайда еліміз үшін бірқатар маңызды мәселелер айтылды. Уақыт белдеуінің өзгеруіне елдің еті үйреніп, Жамбылда тіпті той өткізу мәдениеті жаңаша қалыптасып келеді.
Жасұлан Әбдіхалық, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры:
Жамбыл облысы бірінші болып бастама жасаған. Қазір Қазақстандағы алғаш «Асабалар одағы» да бізде құрылды. Алғашқы форумы өтті. Методикалық нұсқаулықтары дайындалды. Ол Ұлттық құрылтайда көтерілуі және бүкіл Қазақстанға тарауы және Қарағанды облысы қолдап, ар жақтан айтуы бұл бір керемет дүние болайын деп тұр, яғни бұл іске асатын үлкен жоба.
Гүлім Ысқақова, Қарағанды қаласының тұрғыны:
Қазақстанда бір уақыт белдеуі дұрыс деп санаймын. Себебі басқа аймақтарда туыстарым тұрады. Сөйлесу кезінде уақыт айырмашылығы қиындық тудыратын. Әсіресе Батыс аймақ. Қазір бәрі бірдей уақытта, ыңғайлы.
Еркебұлан Нұғманов, Семей қаласы «Дариға-ай» жастар театрының артисі:
20 жылға жуықтай болды, қызмет жасап келе жатырмыз. Жақсы туындылар шығып жатыр, бірақ дегенмен де, сапалы дүние шығу үшін әрқайсының жеке сахнасы, жеке ғимараты болса деген ойдамыз. Үкімет қолдап, осы іс қалып қоймай, орындалатынына біз кәміл сенеміз, өте қуаныштымыз. Сондықтан да біз өз ұжымымыздың атынан, театрдың атынан Президентімізге шексіз алғысымызды білдіреміз.
Жандос Бақытұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner