Қазақ пен өзбек жазушылар Алматыда бас қосты
Алдағы уақытта елімізде өзбек әдебиетінен 52 кітап жарыққа шығады. Бұл жұмыстар «Түбі бір түркі әлемі» жобасы аясында жүзеге аспақ. Алматыда бас қосқан қазақ-өзбек қаламгелері қос елдің әдебиеті мен мәдениетін сөз етті. Бұл кездесу түркінің мүддесін бір арнаға тоғыстыруды, тамырлас халықтарды жақындастыруды көздейді. Бауырлас елдің танымал ақын-жазушыларын насихаттау арадағы байланысты арттырып, түркі жұртына ортақ мол мұраны түгендеуге септігін тигізеді, - дейді жауаптылар.
Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:
Бағдарламаның аясында түріктің де жазушыларын, Әзербайжанның да жазушыларын, татардың, башқұрттың жазушыларын бәрін бері қарай әкеліп шығарғымыз келіп отыр. Өйткені оның ар жағында шынында да түбі бір түркі әдебиеті болғаннан кейін, оның ар жағында біздің тарихымыз, біздің мұңымыз, елімізге деген махаббатымыз жатуы мүмкін. Өйткені күні кеше ғана бәріміз бір халық болдық қой.
Фарида Афруз, Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары:
Біз де қазақ әдебиетінің көрнекті шығармаларын өзбек тіліне аударуға күш салып жатырмыз. Бұл істер екі елдің достығын одан әрі нығайтып, тарихи тамырластықты жалғастырады деп сенемін. Әдебиет, мәдениет, тіл жақындасса, кейін пікірлеріміз де ортақ болады.
Ернұр Медет
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner