Биыл мектеп оқушыларының емтиханы жылдағыдан кеш аяқталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Биыл мектеп оқушыларының емтиханы жылдағыдан кеш аяқталуы мүмкін

Биыл мектеп оқушыларының емтиханы жылдағыдан кеш аяқталуы мүмкін

Биыл мектеп оқушыларының емтиханы жылдағыдан кеш аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Себебін Құрбан айт мерекесіне байланысты деп түсіндірді.

Бұйрық жобасы «Ашық» порталына жарияланған. Талқылау 7 сәуірге дейін жалғасады.

Құжатқа сәйкес, 9-10 сынып оқушылары үшін білім сынағы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Бұрын соңғы емтихан 9 маусымда болатын.

Ал 11-12 сынып оқушылары үшін емтихан тапсыратын уақыт 30 мамыр мен 16 маусым аралығы деп бекітілген. Бұрын 13 маусымға дейін бітетін. 

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу