Алматыда 16 жастағы мопед жүргізушісі жол апатына ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Алматыда 16 жастағы мопед жүргізушісі жол апатына ұшырады

Алматыда 16 жастағы мопед жүргізушісі жол апатына ұшырады

Алматыда 16 жастағы мопед жүргізушісі жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алды. Оқиға бүгін таңға жуық болған. Куәгерлердің айтуынша, автобус жолағымен жүйткіп келе жатқан мопед қиылыста Kia көлігімен соқтығысқан.

Соққының күшті болғаны сонша, мопед жүргізушісі бірнеше метрге ұшып кеткен. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Мопедтің артында отырған жолаушысы медициналық тексеруден кейін үйіне қайтарылған. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. Айта кетсек, қазір еліміз бойынша жаппай мопедтерді тіркеу жүріп жатыр. 5 сәуірден бастап талап күшейіп, мемлекеттік нөмір алмаған мопед жүргізушілеріне айыппұл салынады. Жыл басынан бері Алматыда 3300 мопед тіркелген.

Қуан Нұрақын


Автор
Редакция
Бөлісу