Ыстанбұл мэрінің жақтастары шеру өткізді
Кеше қамауға алынған қала мэрі Екрем Имамоғлының жақтастары Ыстанбұл мен Анкара қалаларында шеру өткізді. Ел билігінің 4 күн бойы қандай да бір шеру өткізуге тыйым салғанына қарамастан мыңдаған адам Ыстанбұл әкімдігі ғимараты мен Анкарадағы ең ірі оппозициялық партия Республикалық Халық партиясы ғимаратының алдына жиналды. Бейбіт шеруге шыққан халықтың алдында оппозициялық партияның басшысы және қамауға алынған Екрем Имамоғлының әйелі де сөйледі. Олар жақтастарын қамауда отырған адамдарды босатуды талап етуге шақырды. Сондай-ақ келесі президенттік сайлауда Екрем Имамоғлын кандидат ретінде көрсететіндерін айтты. Ал осы қылмыстық іс аясында оның құрылыс компаниясының есеп шоттары бұғатталды.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner