Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-саттық 4 млрд доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-саттық 4 млрд доллардан асты

Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-саттық 4 млрд доллардан асты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі Кэрол Миллерді қабылдады. Президент біздің ел АҚШ-ты сенімді серіктес санайтынын және екіжақты сауда айналымының 4 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай-ақ ядролық қаруды таратпау, өңірлік қауіпсіздік және экономикалық байланыстағы жетістіктерге тоқталды. Кэрол Миллер Құрама Штаттар әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Шерхан Жамбылұлы

Автор
Редакция
Бөлісу