Алматыда экологиялық акцияға 50 мыңнан астам адам қатысты
Алматыда тазару күніне орай ауқымды экологиялық акция өтті. Оған 50 мыңнан астам адам қатысқан. Қатарында қала әкімі, Мәслихат депутаттары, мәдениет саласының өкілдері және спортшылар бар. Наурызнама онкүндігі аясында өткен игі шарада саябақтар, гүлзарлар, аулалар және демалыс орындары тазартылып, жиналған 8 мың текше метрден астам қоқыс арнайы полигонға шығарылды. Сондай-ақ сенбілікте алма, алмұрт, қараған және үйеңкі сынды 10 мыңнан астам ағаш отырғызылған. Алматы біздің ортақ үйіміз, - деп акцияға атсалысқандар өзгелерді де қоршаған ортаны қорғауға ,көрікті шаһарды одан сайын көркейтуге үлес қосуға шақырды.
Құдайберген Бекіш, әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Небір сарқыраған сарқырама арықтар, заңғар тауымыз бар. Керемет қаламыз бар. Қаланы таза ұстауға ҚР-ның, оның ішінде Алматының тұрғыны міндетті. Өйткені, ол - біздің қала. Сондықтан аяулы қаламызды аялайық.
Ернұр Медет
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner