Әлемде жыл сайын 10 млн адам туберкулез жұқтырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Әлемде жыл сайын 10 млн адам туберкулез жұқтырады

Әлемде жыл сайын 10 млн адам туберкулез жұқтырады

Елімізде флюорографиядан өткен 5 млн 600 мың адамның 4 мыңынан туберкулез анықталды. Жыл сайын 24 наурызда бүкіл әлем туберкулезбен күресу үшін жан-жақты шаралар ұйымдастырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл әлемдік проблема, бұған баса назар аудару керек деп мәлімдеді. Себебі жаһанда жыл сайын 10 миллион адам туберкулез жұқтырады. Ал Қазақстанда керісінше, көрсеткіш соңғы 6 жылда 27 пайызға төмендеген. Оған себеп заманауи жаңа әдістердің арқасында аурудың уақытылы анықталуы және ем-шараның тұрақты әрі тегін жүргізілуі.

Ақниет Балтанова


Автор
Редакция
Бөлісу