АҚШ-Ресей келіссөзі 12 сағатқа созылды
Сауд Арабиясының астанасы әр-Риядта АҚШ пен Ресей өкілдерінің келіссөзі 12 сағатқа созылды. Келіссөзге қатысушылар 3 рет үзіліс жасады. Кеңесу сарапшылар деңгейінде өтті. Тараптардың бас қосуындағы басты мақсаты – Украинадағы соғысты тоқтату. «Рейтер» агенттігінің мәліметінше, АҚШ келіссөздер кезінде алға ілгерілеушілік бар екенін мәлімдеген. Ал Кремльдің өкілі Дмитрий Песков: «Байланыс әрі қарай жалғаса беретіні түсінікті. Келіссөз нәтижесі сарапталып жатыр», - деп түйіндеді. Мұның алдында наурыздың 23-інде әр-Риядта АҚШ-Украина өкілдері кездескен еді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner