Оңтүстік Кореяда орман өрті кезінде 27 мың адам көшірілді
Оңтүстік Кореяны өткен аптада шарпыған орман өртінің күшеюіне екпінді жел, құрғақ күн райы ықпал етті. Соңғы деректерге сай елдің оңтүстік-шығысында тұтанған тілсіз жаудан 18 адам қаза тапқан. Марқұмдардың көбі – қариялар. 17 мың гектардай орман алқабы күлге айналған.
Үкіметтің мәліметінше 27 мың тұрғын үйін тастап кеткен. Түрмедегі жүздеген жазасын өтеуші қауіпсіз жердегі қамау мекемелеріне көшірілді. Мектептер жабылды. Мыңжылдық тарихы бар храмдарды да жалын шарпыған. Өрт сөндіру кезінде бір тікұшақ құлаған. Тілсіз жаумен күреске мыңдаған өрт сөндіруші, 5 мыңдай әскери қызметкер жұмылдырылды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner