«Ауыл аманаты»: Биыл 50 млрд ₸ несие беріледі
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша биыл 50 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілмек. Бұл елде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Өтінім беру мен несие алу жолдарын жеңілдету үшін микрокредиттеудің ақпараттық жүйесі құрылады. Ол мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланады.
Несиенің жылдық үстемесі 2,5%-бен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 10 млн теңгеге жуықтайды. Ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін 31 млн теңгеге дейін несие беріледі. Бағдарламаның арқасында соңғы екі жылда 18 мың жаңа жұмыс орны ашылған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner