Құран аяттары мен көркем сөздер жазылған құснихат көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Құран аяттары мен көркем сөздер жазылған құснихат көрмесі өтті

Құран аяттары мен көркем сөздер жазылған құснихат көрмесі өтті

Астанада құснихат көрмесінің тұсаукесері өтті. Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырылған «Құснихат: Орталық Азиядағы ислам каллиграфиясы» атты ғылыми шараға 5 мемлекеттің ғұламалары мен каллиграфтары қатысты.

Онда Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның хаткерлері қылқаламмен құбылтып, жақұттап жазған араб каллиграфиялары таныстырылды. 30-ға жуық таңдаулы туындыларда құран аяттары мен ғибрат сөздер өрнектелген. 3 күн өтетін көрменің мақсаты - қазақ жеріне 15 ғасырда келген көркем өнерді жаңғырту, дейді шеберлер.

Динара Жарқынбек

Автор
Редакция
Бөлісу