Жамбыл облысында жер сілкінісінен кейін шығын есептеліп жатыр
Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейін, аймаққа Алматыдағы сейсмологиялық институттан арнайы комиссия жіберіледі. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.
Қазір 4 балдық тербеліс сезілген Тұрар Рысқұлов ауданындамын. Мен тұрған Қарақыстақ ауылындағы ауылдық мына Мәдениет үйінің концерт залы бүлінген. Төбедегі жабындылардың қаптамалары түсіп қалған. Сондай-ақ осы ауылдағы Күншуақ балабақшасының қабырғалары жарылып, бірнеше бөлмеге сызат түскен. Мектепке дейінгі мекемеде түнгі уақытта қаруылдан басқа ешкім болмаған. Қазір аудан бойынша зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған 65 адам, 40 бірлік техника жұмылдырылды. Ал жалпы аймақ бойынша 5 балдық жер сілкінісі Меркі ауданында тіркелді. Онда аудандық орталық аурухана ғимараты мен бірнеше ауылдық амбулаторияның қабырғасына зақым келген. Сондай-ақ, Сарымолдаев ауылда мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының қабырғалары жарылған. Қазір жер сілкінісіне байланысты шығын көлемі есептеліп жатыр.
Данияр Әлімқұл
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner