Қарағанды облысында зейнеткерді соққыға жыққан жасөспірімдер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында зейнеткерді соққыға жыққан жасөспірімдер ұсталды

Қарағанды облысында зейнеткерді соққыға жыққан жасөспірімдер ұсталды

Теміртауда зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер анықталып, қамауға алынды. Қарияға өздерін электрик маманы ретінде таныстырып, жалғызбасты қарияның үйіне кірген. Ұсталғандардың 4-уі де кәмелет жасына толмаған. Олар 67 жастағы зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, оны бейнежазбаға түсіріп алған. Жасөспірімдердің бұл қылығы үшін ата-аналары жауапкершілікке тартылмақ.

Бақытжан Құдияров, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:

Барлық кінәлі тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандардың заңды тұлғалары бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Жасөспірімдер есепке алынды. Қылмысты тергеу ПД басшылығының қатаң бақылауында.

Жандос Бақытұлы 

Автор
Редакция
Бөлісу