«Түрксой» бас хатшысы: Ақтау шаһарын дүниежүзіне таныту керек
Алаш жұртының ақ маржаны, әсем де көрікті шаһар – Ақтауды дүние жүзіне таныту керек. Қала Түркі әлемінің мәдени астанасы атануы тегін емес. «Түрксой» халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев осылай дейді. Оның сөзінше, шаһарда өтетін шаралар арқылы бауырлас елдердің рухани-мәдени байланысы артып, ұлттық құндылықтар насихатталады. «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылуына орай өтетін салтанатты жиынға Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан елдерінен 500-ге жуық өнер майталманы қатысады. Сондай-ақ жоба аясында ірі мәдени іс-шаралар мен халықаралық фестивальдер ұйымдастырылады.
Сұлтан Раев, «Түрксой» халықаралық ұйымының бас хатшысы:
Мәдени астана деп жариялауымыздың мақсаты - Ақтау – мәдени жетістігімен, мәдени қазынасымен де Қазақстанның өзгеше бір жері. Біз Ақтауды дүниеге танытуымыз керек. Ақтау жалпы түркі дүниесінің алтын көпірі болып, мәдени байланысымызды біріктіріп, керемет өлке ретінде дүниеге танылады.
Жазира Оразқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner