Педагогтардың дипломы арнайы жүйе арқылы тексерілмек
Маңғыстауда жалған дипломмен жұмыс істеген 7 педагог анықталды.
Олар жалған құжатпен логопед және дефектолог маманы ретінде жұмыс істеп, сол үшін жалақыға қосымша үстемеақы алып отырған. Бұл оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, педагогтарға айыппұл салынды. Жалпы аймақта соңғы 3 жылда жалған дипломмен жұмыс істеген 100 ден астам дерек тіркелген. Одан бөлек, білім саласында бюджет қаржысын жымқыру, алаяқтық, қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалану деректерімен былтыр 20 дан астам қылмыстық іс қозғалған. Прокурорлар тексеру барысында білім сапасының төмендеуіне әсер ететін негізгі факторларды анықтап, құзырлы министрлікке ұсыныс жолдады.
Мерген Меңдіғалив, Маңғыстау облыстық прокуратураның басқарма бастығы:
Бұл жерде ең өткір мәселе – бұл жалған педогогтар мен жалған дипломды пайдалану фактісі арқылы балаларға білім беру. Жалпы орталықтандырылған жүйе арқылы педогогтарды жұмысқа орналасуға дейін тексеру мүмкіндігін уәкілетті орган қарастырып жатыр. Алдағы уақытта іске қосады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner