Павлодарда суды тұтыну тарифі қымбаттайды
1-ші сәуірден бастап Павлодарда судың бағасы қымбаттайды. «Павлодар суарнасы» кәсіпорыны ауыз суды бірден 56 пайызға, техникалық суды 63 пайызға, кәріз қызметіне 35 пайызға дейін көтеруге өтінім берген. Бірақ монополист жоспары ішінара қанағаттандырылды. Құзырлы мекеме бекіткен тариф бойынша, ауыз су 17 пайызға, техникалық су 38 пайызға, кәріз қызметі 23 пайызға өседі. Павлодарда судың тарифі өткен жылдың ақпан айында ғана көтерілген. Бір жыл өте сала қайта өзгертуге үш фактор әсер еткен.
Нұрлан Нұрмұратов, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің директоры:
Ол бірінші, электр энергиясы құнының жоғарылауы. Екінші, қызметкерлердің жалақыларын көтереміз деген жоспарлары бар. Үшінші, ол қосымша инвестициялық бағдарламаларды тарту болып табылады.
Болат Аманбаев
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner