Жапония университетінде вице-президент атанған қазақстандық ғалым: Генетика саласында зерттеу жүргіздім
Жапониядағы жоғарғы оқу орнында қазақ ғалымы университет президентінің орынбасары атанды. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Мейірманов Рицумейкан Азиаттық-Тынық мұхит университетінің проректоры лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ол үш жыл бойы академиялық жөніндегі декан болып жұмыс істеген. Ал академиялық жолын Семейде бастаған.
Серік Мейірманов, Рицумейкан Азиаттық-Тынық мұхит университеті президентінің орынбасары:
Бұл күтпеген жаңалық болды. Университет басшылығы менің тәжірибем мен білімімді ескерсе керек. Мен ТМД елдерінен осындай лауазымға тағайындалған алғашқы адам шығармын. Өзім Семей қаласында туып-өскенмін. Сол жақта медициналық білім алдым. Кейін грант жеңіп алып, Жапонияға PhD бағдарламасы бойынша оқуға кеттім. Он жылдай ғылыммен айналыстым. Генетика саласында зерттеу жүргізіп, радиацияның қалқанша безі қатерлі ісігінің дамуына әсерін зерттедім. Енді жаңа қызметте студенттермен жұмысқа көбірек көңіл бөлемін. Келешекте Қазақстандағы университтермен студенттер алмасу бағдарламасын әзірлеу жоспарда бар.
Темірлан Нұржанұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner