Қызылордада жүк пойызы автобуспен соқтығысты
Қызылордада жүк пойызы автобуспен соқтығысты. Оқыс оқиға қала шетіндегі шыны зауытына баратын теміржол тұйығында болған. Кварц құмын тиеген жүк вагондары түнгі уақытта индустриялық аумаққа бағыт алған. Қашаубаев көшесін қиып өтетін тұста жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан 7 адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, төртеуі медициналық көмек алғаннан кейін үйіне қайтарылды. Үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі таңда полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner