Түркістан облысында ауылдастарының атынан несие рәсімдеген алаяқтар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Түркістан облысында ауылдастарының атынан несие рәсімдеген алаяқтар сотталды

Түркістан облысында ауылдастарының атынан несие рәсімдеген алаяқтар сотталды

Түркістан облысында ауылдастарының атынан несие рәсімдеп, қарызға батырған үш адам сотталды. Күдіктілер 141 адамның сеніміне кіріп, «Kaspi Pay» төлем жүйесі арқылы онлайн тауарлық несие рәсімдеген. Әр тұрғынның атынан 340 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін тауар алған. Ал ақысын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін екі таныс кәсіпкердің көмегіне жүгінген. Яғни сыбайластары да алаяқтық жолмен тапқан табыстан үлес алып отырған. Жәбірленушілер өздерінің оңбай алданғандарын бірнеше айдан соң банктен төлем жасау туралы ескертпе қағаз келгенде бір-ақ білген. Сайрам аудандық соты алаяқтарды 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Дина Тойжанова, Сайрам аудандық сотының судьясы:

Юлдашев олардың үйіне келіп, өзінің жалюзи перде цехын ашқанын, оған ақша қажет екенін, тендер ұтып алғанын айтқан. Жұмысқа қабылдайтынын, үйінде отыра беріп, жалақы алып отыратынын айтқан. Жәбірленушілер соған сеніп, тауарлы несиені өзі жабатынын, 6 айда оларға ешқандай қиындық болмайтынына сендірген. 
Айнұр Әбілқасымқызы


Автор
Редакция
Бөлісу