АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкция жариялау мәселесін қарастырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкция жариялау мәселесін қарастырып жатыр

АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкция жариялау мәселесін қарастырып жатыр

АҚШ Сенаты Ресейге қарсы жаңа санкция жариялау мәселесін қарастырып жатыр. Бұл жобаны 25 республикалық, 25 демократ қолдауға әзір. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Мәскеуге қарсы шектеу шаралары Ресей Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерден бас тартқанда қабылданады. Құжат мақұлданатын болса, Ресейдің мұнайын, газын, уранын сатып алған мемлекеттер жазаланады. Дегенмен заң жобасының қашан дауысқа салынатыны әзірге белгісіз. 

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу