7 сәуірден бастап автосақтандыру қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар 7 сәуірден бастап автосақтандыру қымбаттайды

7 сәуірден бастап автосақтандыру қымбаттайды

Автосақтандыру талаптарына енгізілген түзетулер 7-ші сәуірден бастап күшіне енеді. Жаңа ережеге сай енді жас жүргізушілерге сақтандыру құны қымбат болмақ. Сондай-ақ көлік тізгіндеушінің жас ерекшелігі, өңірі, автомобильдің шыққан жылына байланысты да баға өзгереді. Сондықтан мамандар 7-ші сәуірге дейін ескі тарифпен көлікті сақтандырып үлгеруге кеңес береді. Ал жаңа заң бойынша енді жол-көлік оқиғасы ғана емес, жүргізушінің бұған дейін ереже бұзған фактілері де есепке алынады. 

Дархан Рақымжан

Автор
Редакция
Бөлісу