Америкалық сенатор мінберден 25 сағат бойы сөйледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Америкалық сенатор мінберден 25 сағат бойы сөйледі

Америкалық сенатор мінберден 25 сағат бойы сөйледі

Америкалық сенатор-демократ Кори Букер мінберге шығып, 25 сағат 5 минут бойы сөйледі. Тәуліктен астам уақытқа созылған мәлімдемесін ол президент Дональд Трамптың радикалдық іс-әрекеттеріне арнаған. Ұзақ сөзінде Нью-Джерсиден сайланған халық қалаулысы Трамптың Илон Масктің қолымен әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін жабуын, Канада мен Гренландияны аннексиялау ниетін және елді конституциялық дағдарысқа ұшыратуын қатаң сынады. Тағы бір айта кететін жайт – Букер трибунаға шығарда «физикалық жағдайым қанша мұрша берсе, сонша сөйлеймін» деп уәде еткен екен. 

Жалғас Сәдібекұлы

Автор
Редакция
Бөлісу