Түркістанда аудандық білім бөлімінің 11 қызметкері сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Түркістанда аудандық білім бөлімінің 11 қызметкері сотталды

Түркістанда аудандық білім бөлімінің 11 қызметкері сотталды

Түркістан облысында ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған білім саласының 11 қызметкері сотталды. Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы мен есепшілері 7 жыл бойы ақша ұрлап келген. Олар алдын ала сөз байласу арқылы мектептерде жұмыс істемейтін таныстарының есеп шоттарына ай сайын қомақты қаржы аударып отырған. Сотталғандардың арасында бұған дейін кісі өлтіруге тапсырыс бергені үшін жазаға кесілген бұрынғы бөлім басшысы Бауыржан Майрихов та бар.

Бұрынғы басшы 11 жылға сотталды

Сондай-ақ Шымкентте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Дәуренбек Қожабаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 42 млн теңге пара алған.

Айнұр Әбілқасым


Автор
Редакция
Бөлісу