НАТО биыл Украинаға 21 млрд еуро бөлген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар НАТО биыл Украинаға 21 млрд еуро бөлген

НАТО биыл Украинаға 21 млрд еуро бөлген

Солтүстік атлантикалық Альянс елдері 2025-ші жылдың үш айында Украинаға 20 миллиард еуро бөлген. НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте осылай деп мәлімдеді. Бұл сома Украина қауіпсіздігіне қолдау көрсетуге бағытталған. Рюттенің мәлімдеуінше, әскери одақ Киевке көмекті әрі қарай жалғастырады. Бұған қоса НАТО АҚШ-тың Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған жоспарына қолдау білдірді. НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері бүгін бас қосып, Киевке әрі қарай қолдау көрсету мәселесін талқыламақ. Екі күндік жиын Брюссельде өтеді.  

Арай Төлегенқызы

Автор
Редакция
Бөлісу