Мьянмада зілзаладан кейін 5 тәулік өткенде бір адам тірі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мьянмада зілзаладан кейін 5 тәулік өткенде бір адам тірі табылды

Мьянмада зілзаладан кейін 5 тәулік өткенде бір адам тірі табылды

Зілзаладан соң 5 күн өткеннен кейін үйінді астынан тірі қалған ер адамды құтқару сәті. Өрт сөндірушілер 26 жастағы жігітті ел астанасы Нейпьидода құлаған ғимарат астынан алып шыққан. Әзірге оның жағдайы белгісіз. Елде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда тірі қалғандарды табуға үміт азайып барады. Мьянмада 7,7 балдық жер сілкінісі наурыздың 28-де болды. Табиғи апаттан 3 мыңнан астам адам құрбан болған. Елде сәуірдің 6-на дейін аза тұту жарияланды. Биліктегі әскери хунта қарулы оппоненттеріне қарсы атысты осы айдың 22-не дейін доғаратынын мәлімдеді. Уақытша бітім зілзаладан кейін елді қалпына келтіру үшін жарияланған.

Арай Төлегенқызы

Автор
Редакция
Бөлісу