Маңғыстау облысында 11 оқушы тағамнан улану белгілерімен ауруханаға түсті
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында бір мектептің 11 оқушысы ауруханаға жеткізілді.
9-12 жас аралығындағы балалар жалпы білім беретін «Манашы» мектебінде оқиды. Олар сабақтан кейін өздерін жайсыз сезініп, жедел-жәрдем шақырған. Барлығында да құсу, әлсіздік болған. Бейнеу аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері оқушыларды тексеріп, жағдайлары бірқалыпты болған соң үйлеріне жібергендерін хабарлады. Ал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мектептің асханасындағы азық-түліктен сынама алып, зерттеуге жіберген.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner