АҚШ 180 елдің тауарына баж салығын өсірді
«Бүгін Трамп сырт елден келетін барлық тауар түрлеріне 10 пайыздан елу пайызға дейін базалық баж салығын енгізді. Мысалға Қытайға қарсы 34 пайыз, Еуроодаққа 20, Жапонияға қарсы 24 және Үндістан тауарларына 26 пайыздық тарифі енгізді. Тариф біздің еліміздің өнімдеріне де салынбақ. Трамп жариялаған тізімге қарағанда, Қазақстан тауарларына 27 пайыздық баж салығы қосылады. АҚШ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 4 миллиард доллар шамасында. Импорт басым. Біз көбіне АҚШ-тан ұшақтар және түрлі техника аламыз. Ал экспорттағы негізгі тауар – уран. Сондықтан АҚШ-тың салық саясатынан Қазақстан үшін айтарлықтай өзгеріс болмайды», - дейді сарапшы-экономист Айбар Олжай.
Айбар Олжай, сарапшы-экономист:
Енді осы уран АҚШ пошлинасынан қымбаттайды. Дегенмен, олардың негізгі АЭС-тері зардап шегетін болады. Сондықтан уран стратегиялық тауар ретінде олар уранның баж салығын босатып жіберуі мүмкін. Қазақстанның уран пошлинасын босатса, онда бізге келіп-кетер ештеңе жоқ. Жалпы АҚШ-тың баж салығын көтеруі бізге бәлендей әсер бермейтін болады.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner