Мемлекет басшысы жұмыс бабымен Өзбекстанға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы жұмыс бабымен Өзбекстанға барды

Мемлекет басшысы жұмыс бабымен Өзбекстанға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Самарқанға барды. Тарихи шаһарда «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат, сын-қатерлі кезеңдегі Орталық Азия» халықаралық конференциясы өтеді. Кәрі құрлық елдерінің өкілдері мен бес елдің басшысы бірлескен бастамаларды талқыламақ.

Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесу өткізеді.

Шерхан Жамбылұлы

Автор
Редакция
Бөлісу