Биыл 200-ден астам мектеп салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Биыл 200-ден астам мектеп салынады

Биыл 200-ден астам мектеп салынады

Биыл елімізде 500 мың оқушыға арналған екі жүзден астам мектеп салынады. Барлық жерде тек «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салу міндетті емес. Сапалы салынған қарапайым білім ошақтарына да сұраныс жоғары, деді Президент Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда. Білім саласына қатысты мәселе көптің назарында.

Жаңылсын Жарылғасова, мұғалім, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:

Балалар үшін ақпараттың ағыны өте көп. Сондықтан осы құрылтайдың шешімімен биылғы оқу жылында қабылданған бірыңғай бағдарлама біз үшін өте маңызды болып отыр. Бұл бағдарламаның міндеттері өте айқын.

Ертай Қабылқақов, қала тұрғыны:

«Достық» ықшамауданындағы жайлы мектеп басында аралас мектеп болатын болды. Одан кейін сол жердің тұрғындары, халықтың сұранысы бойынша ол мемлекеттік тілде болатын болды. Қазір сол жайлы мектепке тек қана қазақ балалары ғана емес, сонымен қатар өзге ұлт өкілдері балаларына сұраныс келіп жатыр. Тізімі қосылып жатыр. Оқимыз деген сұраныс өте көп.

Аман Рахметуллин, тарих ғылымдарының кандидаты:

Мемлекет басшысының қазіргі алға қойған мақсаты – жайлы мектеп деген бағыттың өзі басқа мектептердің сапалы қызмет жасауына ешқандай кедергі жасамауы керек. Қатардағы мектептерде білім деңгейі төмен деген бір түсініктің қалыптаспауы керек ата-аналардың ортасында.

Нұргүл Ахметова

Автор
Редакция
Бөлісу