Астана-Қостанай тасжолының учаскесін су алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астана-Қостанай тасжолының учаскесін су алды

Астана-Қостанай тасжолының учаскесін су алды

Бұл - Астана-Қостанай тасжолының 922-шақырымы. Жолды су шайып, көліктер өте алмай бөгеліп тұр. Бұл жерде жол астында 1,5 метрлік екі су өткізу құбыры орнатылғанымен, үлгермей жатыр. Жол қызметі шұғыл әрекет етіп, 4 арнайы техника мен мамандарды жұмылдырды. Бізге келіп түскен соңғы ақпарат бойынша жолдағы қозғалыс қазір қалпына келтірілген. Көліктер кедергісіз жүріп жатыр.

Оңғар Алпысбайұлы


Автор
Редакция
Бөлісу