Сарапшылар: биыл инфляция 10 пайыздан жоғары болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Сарапшылар: биыл инфляция 10 пайыздан жоғары болады

Сарапшылар: биыл инфляция 10 пайыздан жоғары болады

Биыл елімізде инфляция 10 пайыздан жоғары болады. Ұлттық Банк макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша сарапшылардың пікірін ұсынды. Мамандар бағаның өсуі алдын ала болжанғандай 8,7 пайыз емес, 10,6 пайызды құрайды дейді. Инфляция жоғары болғандықтан базалық мөлшерлеме де төмендемейді. Жылдың соңына қарай 15,9 пайызды құрайды деп болжанып отыр. Ал Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 75 доллар көлемінде өзгеріссіз қалды. 

Дархан Рақымжан

Автор
Редакция
Бөлісу