Маңғыстау облысында мектеп асханасы жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Маңғыстау облысында мектеп асханасы жабылды

Маңғыстау облысында мектеп асханасы жабылды

Маңғыстауда Бейнеу ауданының оқушылары астан уланған. Денсаулық сақтау министрлігі Манашы жалпы білім беретін мектебінің 12 оқушысының тамақтан улану дерегі бойынша тексеру басталғанын жеткізді. Осы оқиғаға байланысты мектеп асханасы жабылып, санитариялық-профилактикалық шара ұйымдастырылған. Әкімдіктің жанынан штаб құрылды. Ал, уланған 9-12 жас аралығындағы жасөспірімдер дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген.

Аягөз Оралбайқызы

Автор
Редакция
Бөлісу