Қазақстан халықаралық көлік дәлізін дамытуға серпін бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстан халықаралық көлік дәлізін дамытуға серпін бермек

Қазақстан халықаралық көлік дәлізін дамытуға серпін бермек

Қазақстан халықаралық транзиттік бағыттарды дамыту және логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртуды басты назарға алып отыр. Самарқандтағы саммитте де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін арттыру бойынша мәселелерді көтерді.

Бүгін Алматыда өткен жиында халықаралық сарапшылар осындай пікір білдірді. «Логистиканың геосаясаты: әлемдік жүйедегі Орталық Азияның көлік дәліздері» атты конференцияда халықаралық көлік дәліздерінің дамуы мен болашағы талқыланды. Мамандар жаһандық экономикалық және геосаяси өзгерістердің Қазақстандағы көлік жүйесіне тигізер әсері туралы пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін де айтты. Отандық және шетелдік ғалымдар елімізде халықаралық көлік дәліздерін дамыту, көлік қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылық жайында сөз қылды.

Рағип Қутай Қараджа, профессор, Бейкоз университетінің проректоры (Түркия):

Орталық Азиядағы көлік-логистика бағытын дамыту үшін бірлескен жобаларды қолға алған дұрыс. Транзиттік бағыттар тауар тасымалдау үшін ғана емес, сауда-экономикалық, тіпті мәдени байланысты бекемдеуге ықпалы зор. Мәселен, Дүниежүзілік банк сарапшыларының есебі бойынша Қазақстанда халықаралық көлік дәліздері дамыса, елдің ЖІӨ 23%-ке көбейеді. Сондықтан мемлекеттердің бірлесе әрекет етуі көп мүмкіндікке жол ашады деп сенемін.

Жазира Оразқызы

Автор
Редакция
Бөлісу